Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

Malim Админ

  • 12.04.2024

Тәуелсіз елімізде жастардың білімді ұрпақ қатарына қосылуына, мемлекетімізді одан әрі дамытуға үлес қосуына бар мүмкіндік жасалған. Мәселен,алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осыдан бірнеше жыл бұрын басшылық құрамның бастамасымен «100 кітап» жобасы қолға алынған болатын және ҚазҰУ студенті оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік классиктердің шығармалары таңдалып, тізімі жасалды. Жобаның негізгі мақсаты – жастарды кітап оқуға тарту арқылы студенттердің мәдени және білім деңгейін көтеру. Үлкен ізденісті талап ететін  жоба әлі күнге дейін өзекті болып отыр. 

Қара шаңырақ "ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап жобасы" аясында Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 4-мақсат: «Барлығына сапалы білім» екенін ескере отыра  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 1 курс студенттерімен екі топқа бөлініп байқау өткіздік .Байқау барысында студенттер көп оқыған,көпті біледі деген ұстанымды айтып өтті.Шара 100 кітап төңірегінде болғандықтан бірінші топ С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» роман-эссесін, екінші топ Б.Соқпақбаевтың  «Өлгендер қайтып келмейді» шығармаларын талдауды жөн санадық.

 Қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа барған тұңғыш роман- «Тар жол, тайғақ кешу». Шығарма 1916–1919 жылдардың оқиғаларын қамтиды. «Тар жол, тайғақ кешу» – ең алдымен тарихи, әдеби факт және көркем мәтін. Романда айналада өтіп жатқан оқиға, құбылыстарды терең қуатпен бейнелейтін әсерлі жолдар жиі кездеседі. Бірінде автор – қаһарман халық басына түскен ауыртпалыққа күңіренеді, бірінде идеологиялық қарсыластарына ашынады немесе өзінің, достарының қателіктеріне күйінеді, бұқараның аңқау, надандығына ашуланады. Тұтқында жатқанда көрген азап-тауқіметтерін еске түсіріп, қамығады, қиын-қыстақтан халықпен бірге шығар жол іздеп алға талпынады.

Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы соғыс жылдарындағы қазақ халқының ауыр тұрмыс-тіршілігін, бастан кешкен азалы күндерін суреттейтін шығарма. Үш бөлімнен тұратын шығарманы автор бірінші дәптер, екінші дәптер, үшінші дәптер деп атаған.Романның басты кейіпкері – Еркін Мамырбаев есімді 15-16 жас шамасындағы бозбала. Оқиға Еркін арқылы баяндалып, болған жайттарға Еркіннің көзқарасымен баға беріледі. Еркіннің шығармадағы образы ақкөңіл, қарапайым, шыншыл, намысшыл қазақтың қара домалақ баласы. Романды талдау арқылы біз нағыз қазаққа тән ақкөңіл бейнені көрдік. Романда шиелінісіп жатқан белгілі оқиға жоқ, бұл шығарма бір адамның өмірбаяны десем қате болмас. Бозбала күннен бастап, отызында орда бұзар шаққа дейін баяндалып жазылған шығарма. Кімді де болса қызығына бөлеп, түйгізер, жеткізер ойы бар автордың мен деген шығармаларының бірегейі. Бір сөзбен айтқанда, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік шығармалар қатарына жатады.

Студенттер жүз кітапты оқыған кезде санасы жетіліп, түйсігі кеңейеді. Тарихты, дәстүрді біледі. Адами қарым-қатынастарға қанық болады. Соның арқасында олар толысып, жетіліп бір жақсы деңгейге көтеріледі. Сондықтан төрт жылда кемі жүз кітап оқып шықса кейін ары қарайғы өміріне азық болады. Жақсылыққа бастайтын ең ізгі құрал осы – кітап.

Темірболат Нұрайша

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

Байланысты жаналықтар

Бүгін – композитор Ахмет Жұбановтың туған күні

29.04.2024

Теріс қараған ғайып – «он бір қара жұмбақ»

28.04.2024

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – композитор Ахмет Жұбановтың туған күні

Ол Ақтөбе облысының Темір ауданында туған.

Теріс қараған ғайып – «он бір қара жұмбақ»

Құрсақтың құрылымы осы аспан «жатысы» секілді күрделі

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.