Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Malim Админ

  • 18.04.2024

«Жас қалам – жаңа роман» жобасының негізінде жарық көрген кітаптар көпке ұсынылды. Жазушылар одағының бастамасымен жарияланған байқауға 9 қатысушы өтініш білдірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Үміткерлер арасынан Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл», Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам», Әлібек Байболдың «Мұтылған» романы үздік деп танылып, оқырманға жол тартты.

Қаламгерлерге Жүсіпбек Қорғасбек, Нұржан Қуантайұлы, Дәурен Қуат сынды жазушылар жетекшілік еткен. Авторларға үш ай бойы қаламақы төленген.

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Бұған дейін «Жұмбақ кітап», «Ағаш адам» атты әңгімелер жинағым жарық көрді. Ал көлемді шығарманы бірінші рет жазып отырмын. Алғашқы романым деп айтуға толық негіз бар, – дейді жазушы Мақсат Мәлік.

Автордың «Абыл мен Қабыл» романы «Таңсәрі», «Талтүс», «Алагеуім» және «Түн қараңғысы» атты төрт бөлімнен тұрады. Шығармада таңсәріден басталып, түн қараңғысына дейін жалғасқан бір күндік оқиға мен сиам егіздерінің отыз үш жылдық ғұмыры баяндалады.

Фото: Facebook

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді