freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қандас мәртебесін алу талаптары күшейді

Қоғам
Қандас мәртебесін алу талаптары күшейді
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанға қоныс аударғысы келетін этникалық қазақтарға қандас мәртебесін алу тәртібі күрделене түсті. Енді үміткерлер құжат тапсырумен шектелмей, қазақ тілінен тест тапсырып, арнайы сауалнамадан және сұхбаттан өтуі керек, деп Malim.kz тілшісі, Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

24.kz мәліметінше, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына 129 этникалық қазақ көшіп келген. Қаңтардан бері өңірге Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан және Ираннан барлығы 48 отбасы қоныс аударған.

Солардың бірі – Айбаршын Құдайбергенова. Ол екі жыл бұрын отбасымен Өзбекстаннан Бескөл ауылына көшіп келген. Қазір Отбасын қолдау орталығында психолог болып жұмыс істеп, елге жаңадан келген қандастардың ортаға бейімделуіне көмектеседі.

Оның айтуынша, отбасы Қазақстанға балалары тарихи отанында өмір сүріп, осында білім алсын деген ниетпен келген.

"Бізге қажетті қолдау көрсетілді. Тұрғын үй алуға жәрдемдесті, барлық төлемді алдық, жұмысқа орналастық. Қандас мәртебесі бар қызымыз университетке грантқа түсті", – дейді ол.

Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан көшуге арналған қаржы және тұрғын үй сатып алуға 7 миллион теңгеге дейін сертификат беріледі.

Алайда енді қандас мәртебесін алуға қойылатын талаптар өзгерген. Бірінші кезеңде өтініш беруші Qaztest тапсырып, дұрыс жауаптардың кемінде 70 пайызын жинауы қажет.

"Бірінші кезең – Qaztest. Өтініш беруші дұрыс жауаптардың кемінде 70 пайызын жинауы тиіс. Сертификат алғаннан кейін ғана сауалнамадан өте алады", – деді Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Назерке Тасқұлова.

Тіл сынағынан кейін үміткер арнайы порталдағы сауалнаманы толтырады. Онда адамның жасы, білімі, денсаулық жағдайы және Қазақстанда туыстарының бар-жоғы есепке алынады.

Келесі кезеңге өту үшін үміткер кемінде 600 балл жинауы керек. Бұдан соң оның құжаттарын мемлекеттік органдар тексеріп, соңғы кезеңде әңгімелесуге шақырады.

Жауапты басқарма өкілдері жаңа талаптар көші-қон үдерісін реттеп, ел экономикасына қажетті азаматтарды іріктеуге бағытталғанын түсіндірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу