freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қош бол, бауырым": Нұрлан Еспановтың жары жақын адамынан айырылды

Қоғам
"Қош бол, бауырым": Нұрлан Еспановтың жары жақын адамынан айырылды
Фото-коллаж: Ozgeris.info (Фото ЖИ арқылы өңделді)

Әнші Нұрлан Еспановтың жары Жильнель Еспанова қайғылы хабарын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бауырының өмірден өткенін хабарлаған.

"Жаным бауырым, қош бол. Жаның жәннатта болсын", – деп жазды Жильнель Еспанова.

Жазба астында желі қолданушылары көңіл айтып, отбасы мен жақындарына сабыр тіледі.

Нұрлан Еспанов кім?

Нұрлан Еспанов – қазақстандық әнші, композитор және эстрада өнерінің өкілі. Ол 1973 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген.

Өнер иесі ән орындаумен қатар, көптеген музыкалық шығарманың авторы ретінде де танылған. Оның репертуарында "Сен", "Қос қарлығаш", "Жан әке", "Қыздар-ай", "Жалын кешкен" секілді әндер бар.

Нұрлан Еспанов 1998 жылы "Арай" жас орындаушылар байқауының лауреаты атанып, сол жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық байқауға қатысқан. 1999 жылы "Жас қанат" республикалық байқауында арнайы "Алтын тұлпар" сыйлығын иеленген.

Ол Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері ретінде де аталған.

Нұрлан Еспанов балаларға арналған шығармалар жазумен де айналысқан. Ол "Ертегілер елінде", "Қанатты барыс", "Қошқар мен теке" мультфильмдеріне музыка жазғанын, сондай-ақ балалар арасында кең тараған "Күлегештер" әнінің авторы екенін айтқан.

Әнші кино саласында да өзін сынап, бірнеше отандық фильмге түскен. Оның ішінде "Орман" және "Жүрегіңді бір тыңдашы" жобаларында рөл сомдаған.

Өнер иесі шығармашылықтан бөлек тележобаларға қатысып, жүргізушілік және ойын-сауық бағытындағы жобаларда да көрінген. Ұлттық арнаның "Сазгер" бағдарламасында оның шығармашылығы мен әндерінің шығу тарихына арнайы шығарылым арналған.

Нұрлан Еспанов көпшілікке ашық мінезі мен әзілге жақындығымен де таныс. Ол бірнеше онжылдықтан бері қазақ эстрадасында әнші әрі сазгер ретінде шығармашылық қызметін жалғастырып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу