freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екібастұзда алты жастағы баланы көлік қағып кетті

Қоғам
Екібастұзда алты жастағы баланы көлік қағып кетті
Фото: ЖИ

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында алты жастағы бала көлік астына түсіп, көз жұмды, деп Malim.kz тілшісі, Halyqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек кешке Әуезов көшесіндегі №93 үйдің маңында болған. Алты жастағы бала алған жарақатынан қаза тапқан.

Қазір марқұмның туыстары жол апатына куә болған адамдарды іздеп жатыр. Олар оқиға болған сәтті көрген немесе сол уақытта маңайдан өтіп, жағдайды видеорегистраторға түсіріп алуы мүмкін жүргізушілерден хабарласуды сұрады. Сондай-ақ отбасы жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын іздестіріп жатыр.

Полиция баланың қаза болғанын растады. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу