Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары ел қоржынына жаңа жүлделер қосты, деп хабарлайды Malim.kz.
Санжар Әділов ММА бойынша қола медаль жеңіп алды. Бұл - Қазақстан үшін Азия ойындарындағы ММА бәсекесінде қол жеткізілген тарихи жүлде.
Каратэ шеберлері де ел қоржынына екі медаль салды. Жоламан Биғабыл финалда Өзбекстан өкілін жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Ал Софья Берульцева жарыстың шешуші кездесуінде Таиланд спортшысынан басым түсіп, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
Сонымен қатар қазіргі бессайыстан Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болды. Тихон Варехин, Темірлан Абдраимов және Лев Чувашов ел құрамасын бұл спорт түрінен 16 жылдан кейін қайтадан Азия ойындарының жеңіс тұғырына шығарды.