Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Баянды қалай қолдадыңыздар!": Тұрсынбек Қабатов жұртқа өкпесін жеткізді

Шоу-бизнес •
"Баянды қалай қолдадыңыздар!": Тұрсынбек Қабатов жұртқа өкпесін жеткізді
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жеке өміріне қатысты айтылған сынға сахнада әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада өнер иесі екінші рет шаңырақ көтергеніне байланысты әңгімелерді қозғаған. Ол Баян Алагөзованың тұрмысқа шыққанын көпшілік жылы қабылдағанын айтып, өзіне келгенде жұрттың пікірі басқаша екенін қалжыңға қосты.

"Баянды қалай қолдадыңыздар! Мысалы, мен қазір әйелімді сахнаға шығарып, той көйлегін кигізейінші. Елдің бәрі мені Қазақстаннан қуып жіберуді ұсынады", – деді әзілкеш.

Тұрсынбек осылайша жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты өзіне айтылатын сөздерді сахнадағы әзіліне арқау еткен. Оның сөзінен жұрттың біреуді қолдап, енді біреуді сол жағдай үшін сынайтынына ренішін аңғаруға болады.

Тараған сөздің өзге басылымдар жариялаған нұсқасында әзілкеш Дариға Бадықованы да мысалға келтірген. Ол өзі той жасаса, концерттеріне бойкот жариялауға шақыратындар табылатынын айтып, залдағы көрерменге қалжыңмен алғыс білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Malim.kz Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында асабаның Тұрсынбек Қабатов пен Айманға айтқан әзілі туралы жазған еді. Сол кеште асаба Нұрбек Саламатов Айманды ортаға шақырып, Тұрсынбекке де келуді ұсынған. Әзілкеш орнынан тұрмаған кезде ол "Бөлек жүр деп ойлап қалсын" деп қалжыңдаған. Бұл сәт әлеуметтік желіде талқыланған болатын.

Тұрсынбек кім?

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов – әзілкеш, актер, тележүргізуші. Ол 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетте білім алған.

Өнердегі еңбек жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастаған. Кейін Көңілді тапқырлар клубында өнер көрсетіп, "Аграрка сарбаздары", "Астана.kz", "Казахи" командаларының құрамында көпшілікке танылды. Уақыт өте жеке монологтарымен үлкен сахнаға шығып, шығармашылық кештерін өткізе бастады.

Әзілкештің сахнадағы әңгімелеріне күнделікті тұрмыс, отбасылық қарым-қатынас пен адам мінезі арқау болады. Көрермен оны "Көңілді тапқырлар алаңы" жобасының жүргізушісі ретінде де біледі. 2015 жылы Тұрсынбек Қабатовқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу