freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады

Мәдениет
Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады
Фото: aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент өз құттықтауында отбасының мемлекет пен қоғамның дамуындағы ерекше рөліне тоқталды.

"Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт. Әр азаматтың дүниетанымы, адами қасиеттері қастерлі қара шаңырағында қалыптасады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілдеде заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясында неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілгенін атап өтті.

Сондай-ақ Конституцияда балалардың құқығын, әйел мен ананың отбасындағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударылған. Тұңғыш рет "неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы" деген норма енгізілді. Бұдан бөлек, биыл Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды.

Президент бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін айтты.

"Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, сондай-ақ заң мен тәртіпке бағынудың, табиғатты аялаудың, қоғамдық орындарда тазалықты сақтаудың, жас буынның бойына халқымыздың озық дәстүрлерін сіңірудің ерекше мән-маңызы, ең алдымен, отбасындағы тәлім-тәрбие арқылы дәріптеледі", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы барша қазақстандыққа зор денсаулық пен толайым табыс тілеп, әр шаңырағы бақытты өмір сүретін Әділетті Қазақстанды бірге құруға сенім білдірді.

Ақпарат Ақорданың ресми Telegram арнасында жарияланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу