freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық бизнес WhatsApp хабарламалары үшін төлейді

MALIMet
Қазақстандық бизнес WhatsApp хабарламалары үшін төлейді
Фото: ЖИ

2026 жылғы 1 қазаннан бастап WhatsApp Business Platform платформасын API арқылы пайдаланатын қазақстандық компаниялар клиенттерге жіберген әр хабарламасы үшін ақы төлейді, деп Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа талап мессенджерді CRM жүйесіне, байланыс орталығына немесе чат-ботқа API арқылы қосқан орта және ірі компанияларға қатысты. Ал кәдімгі WhatsApp Business қосымшасын пайдаланатын шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлер үшін өзгеріс болмайды. Жеке WhatsApp қолданушыларына да жаңа тариф қолданылмайды.

Бұған дейін клиент компанияға өзі хабарласқаннан кейінгі 24 сағат ішінде бизнес оған тегін жауап бере алатын. 1 қазаннан бастап компанияның клиентке жіберетін әрбір шығыс сервистік хабарламасы ақылы болады.

Қазақстан нөмірлеріне жіберілетін бір сервистік хабарламаның Meta тарифі 0,018 долларды құрайды. 21 қыркүйектегі Ұлттық банк бағамымен есептегенде бұл шамамен 8 теңге.

Әр бизнес-нөмір үшін айына алғашқы 1000 хабарлама тегін болады. Төлем 1001-хабарламадан бастап есептеледі.

Мысалы, компания бір айда клиенттерге 5000 сервистік хабарлама жіберсе, оның 4000-ы ақылы болады. Meta тарифі бойынша шығын 72 доллар немесе шамамен 32 мың теңгені құрайды. Компания сыртқы провайдердің қызметін пайдаланған жағдайда жалпы шығын бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Ақылы хабарламалар қатарына операторлардың жауаптары, чат-бот хабарламалары, тапсырысты растау, жеткізу туралы ақпарат және жазылу жөніндегі ескертулер кіреді. Ал клиенттен компанияға келетін кіріс хабарламалар үшін ақы алынбайды.

Meta компаниялар мен олардың технологиялық серіктестерінен 30 қыркүйекке дейін Meta Billing Hub жүйесіне төлем тәсілін қосуды талап етеді. Төлемге Visa және Mastercard карталарын, сондай-ақ корпоративтік кредиттік желілерді пайдалануға болады.

Төлем тәсілін уақытында қоспаған компаниялардың 1 қазаннан кейін хабарламаларды жеткізу мүмкіндігіне шектеу қойылуы ықтимал.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу