«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

Malim Админ

  • 11.04.2024

Жобаны ұйымдастырудағы басты мақсат - қара шаңыраққа оқуға келген жас студенттерге төрт жылда жүз кітапты оқып шығуы азаматтық борыш екендігін сезіндіру. Өзге жоғары оқу орындары студенттерінен ерекшеленетін басымдығы да осы болмақ. Осылайша жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру қажет. Бұл – рухани, үлкен жоба. Әр университет өз түлегімен мақтанатындығын ескерсек, дайындаған кадрларымыз рухани дүниемен сусындап шықса, мықты маман болары сөзсіз.Жоба аясында ҚазҰУ студенті оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік авторлардың классикалық шығармалары таңдалды және тізімі жасалған болатын.Жоба басталған бірнеше жылдың ішінде әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар конференциялары, шығарма авторларымен кездесу кештері, жаңа кітаптың тұсаукесері және студенттер арасында сауалнамалар жүргізу сынды игі іс-шаралар ұйымдастырылды. «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» ­жобасы – бүгінде ­ерекше мәнге ие жастарды көркем шығарма оқу мен кітап құндылығын арттыратын рухани шара.

   Жақсылыққа бастайтын ең ізгі құрал осы – кітап. Кітаппен өскен ұрпақ қандай жағдайда да, қай жерде де өресі биік, рухани таза тұрары сөзсіз. Ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып қана қоймай, авторлармен кездесулер ұйымдастырылады. Кез-келген ақынмен, жазушы, ойшылмен кездесу ерекше әсер берері сөзсіз. Әр ақын-жазушы, шығармашыл адам – тыңнан түрен салушы, жалпақ жұрттың ойына келмегенді айтумен, қиялының ұшқырлығымен ерекшеленеді. Сол арқылы адамның санасын оятады. Бір ғана шығарма болашақ мамандарымызды тазалыққа, отансүйгіштікке, адалдыққа, ұлтжандылыққа, руханилыққа тәрбиелеуі мүмкін. Көптеген жылдар бойы адамның ішіндегі бұғып жатқан дүние, ақынның бір шығармасымен сыртқа шығуы мүмкін. Ақын бір өлеңімен-ақ адамның өмір бойы кітапқұмарлығын ашуы мүмкін.Білікті де білімді маманмен қоса, тәрбиелі де саналы адам тәрбиелеу басты мақсат. Қара шаңырақтың ізгі бастамасын қолдай отыра, заң факультетінің студенттерімен БҰҰ-ның «Тұрақты даму мақсаттары 4 бағыты» аясында  М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясын талдадық.«Абай жолы»  – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді. Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының этнография, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұрт, болыс сайлауы, дауға билік айту т.б. бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеуметтік мәнін күшейтуге тырысады.Қазақтың дәстүрін бейнелеген роман білім алушыларда үлкен қызығушылық болғанын аңғардым.Болашақта кітап оқып және талдауды дәстүрлі түрде қолға алу жоспарда бар.

Турсынкулова Д.А

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты

Мизаш Артур

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

заң факультетінің магистранты

 

Байланысты жаналықтар

Бүгін – композитор Ахмет Жұбановтың туған күні

29.04.2024

Теріс қараған ғайып – «он бір қара жұмбақ»

28.04.2024

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – композитор Ахмет Жұбановтың туған күні

Ол Ақтөбе облысының Темір ауданында туған.

Теріс қараған ғайып – «он бір қара жұмбақ»

Құрсақтың құрылымы осы аспан «жатысы» секілді күрделі

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.