457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Моңғолия ресейлік физикті елден қуып жіберді

Photo: ©snob.ru

Snob.ru басылымының жазуынша, ресейлік, ядролық физика маманы Андрей Ожаровскийді (фотодағы) Моңғолия елден қуып шығып, 3 жыл ішінде тағы келуге тыйым салған.

Физик, француздық Orano компаниясы пайдаланып жатқан Гоби шөліндегі уран кенішінің қасында радиация деңгейін өлшеп жүрген. Бұл жерде ол (өзінің айтуынша) радиациялық ластанудың 3 ошағын анықтаған. Осыдан кейін, Мардай ауданындағы Кеңестер Одағынан қалған тастанды уран кенішіне барған. Полиция оны сол жерде ұстапты.

Моңғол иммиграциялық қызметі оған заңды бұздың деген айып таққан. Мұндай өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін виза қажет екен. Андрей Ожаровский заңды білмегенін мойындапты. Оның айтуынша, Ресейде мұндай өлшеу жүргізуге тыйм жоқ. "Есі дұрыс елдерде, мысалы, Ресейде - мұндайға тыйым жоқ" депті ол.