457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Израиль Иранды бомбалады

Malim.kz, Астана. Соңғы күндері Израиль тарабы таратып жүрген Иранға соққы беру ықтималдығы туралы ақпар шынға айналды. 13 маусымға қараған түні Израиль әуе күштері Иранды бомбалап кетті. Бұл туралы DW, Reuters, The Times of Israel агенттіктері хабарлайды.

 

Мәселенің мәні

Соңғы кездері Иран бірнеше күн ішінде 15 шақты атом бомбасын жасап алуға қауқарлы деген ақпарат тараған болатын. Ол үшін қажет уран қоры ирандықтардың қолында жоқтан гөрі бар деген тұспал да болған. Израиль бұрын Иранның атом бомбасын жасау әлеуетін - ғалымдарының көзін жою, нүктелік соққы берулер арқылы тежеп жүрген. Ал қазіргі қауіптің алдын алу үшін көлемді әскери операциядан басқа амал қалмады дейді Израиль басылымдары мен сарапшылары.

Бұған қоса, Израиль Иранның зымыран жасау ошақтарына да соққы берген.

 

АҚШ аулақ екенін айтты

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Израильдің соққысына қатысы жоқ екенін бірден мәлімдеді. Ол мұның Израиль тарабының жеке шешімі екенін айтып, ирандықтардан жауап ретінде Парсы шығанағындағы америкалық әскерилер мен азаматтарға тиіспеуін сұрады. Дәл сол уақытта, Израильдің 90 метр тереңдікке бойлайтын бункерлік арнайы қуатты бомбалары АҚШ-та өндірілгені белгілі.

Photo: DW