Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Дзюдошы өз елінің азаматтығына өтініш берген

Мәди Саматұлы

  • 08.01.2025

2015 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келе жатқан дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Моңғолия азаматтығына өтініш берді. Бұл туралы 1БОЛ жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұзақ жылдар бойы Қазақстан атынан күрескен белгілі дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах 2021 жылы өз отаны Моңғолияға оралған болатын. Кешегі желтоқсан айында ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді.

Отгонцэцэг 2015 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсете бастады. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алған. Азия чемпионы. Гранд Слэм, Гран При жарыстарында бірнеше рет топ жарды. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.

Отгонцэцэг Галбадрах Токио Олимпиадасынан кейін мансабын аяқтап, Монғолия астанасы Ұланбатыр қаласына көшіп кетті. Осында Winner judo, sport club клубын ашқан. Қазіргі уақытта жас дзюдошылар дайындайды. Шәкірттері халықаралық жарыстарда күресіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Былтыр азаматтық алғандар саны рекордтық көрсеткішке төмендеген

16.01.2025

Дзюдода «юко» ұпайы мен екі әдіс қайта қолданылатын болды

22.12.2024

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты сенсациямен басталды

15.11.2024

Қазақстан мен Моңғолия Президенттері екіжақты жобаларды жүзеге асыруға келісті

29.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

28.10.2024

Президент Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

26.10.2024
MalimBlocks
Былтыр азаматтық алғандар саны рекордтық көрсеткішке төмендеген

Азаматтық алғандардың басым бөлігі – қандастар

Дзюдода «юко» ұпайы мен екі әдіс қайта қолданылатын болды

Жаңа ережелер келер жылдан бастап қолданысқа енеді

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты сенсациямен басталды

Қазақстан мен Моңғолия Президенттері екіжақты жобаларды жүзеге асыруға келісті

Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанды Моңғолияның маңызды серіктесі, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір екенін атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған

Президент Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

Онда елдің президентімен, үкімет және парламент төрағасымен кездеспек