freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Соңғы станса" сөзі желіде дау туғызды

Қоғам
"Соңғы станса" сөзі желіде дау туғызды
Фото-коллаж: malim.kz / видеодан скриншот

Астанадағы жеңіл рельсті көлікте қолданылған "Соңғы станса" деген жазу әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Желі қолданушыларының бірі қазақ тілінде "станса" сөзінің орнына "аялдама" немесе "бекет" нұсқаларын қолдануға болатынын айтып, жазуға назар аударған.

Бұл пікір желіде қызу талқыланды. Бір тарап "станса" сөзін қолдануды қалыпты әрі түсінікті деп санаса, енді бірі "соңғы аялдама" немесе "соңғы бекет" деген нұсқалар қазақ тіліне табиғи естілетінін алға тартты.

"Аялдама" сөзі көбіне қоғамдық көлік тоқтайтын орынды білдірсе, "бекет" станция, пост немесе белгілі бір пункт мағынасында қолданылады.

Айта кетейік, бұған дейін де қазақ тіліндегі сөз қолданысына қатысты осындай пікірталас болған. Әлеуметтік желіде тоғызыншы айдың атауын "қыркүйек" пе, әлде "қыргүйек" пе деп жазу керек деген мәселе қызу талқыланған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу