2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.
УЕФА Атқарушы комитетінің Салоникиде өткен отырысында 2028 жылғы Суперкубок матчының өтетін орны анықталды.
Маңызды кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Қазақстан футбол федерациясы бұл оқиғаны ел футболы тарихындағы маңызды сәттердің бірі деп атады.
2028 жылғы УЕФА Суперкубогында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі.