freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Геннадий Головкин тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

Спорт
Геннадий Головкин тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды
Геннадий Головкин. Фото: ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан ISSA-ның 15-бас ассамблеясы аясында өткен.

Геннадий Головкин 2026-2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент ретінде енді.

Осы қызмет аясында ол Азия мен Еуропадағы Ұлттық Олимпиада комитеттерінің атынан қауымдастық жұмысына қатысады.

ҰОК хабарлауынша, Головкин ISSA-ның алдағы даму бағыттарын айқындауға, ұлттық олимпиада комитеттерін қолдауға, спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға және мүше елдер арасындағы байланысты нығайтуға атсалысады.

ISSA президенті қызметіне Сауд Арабиясының спорт министрі, Олимпиада және Паралимпиада комитетінің басшысы ханзада Абдулазиз бин Турки Әл-Фейсал қайта сайланды.

Ал Африка және Латын Америкасы өңірлеріне жауапты вице-президент қызметіне Марокко өкілі Наваль Эль-Мутавакель тағайындалды.

Геннадий Головкин 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін басқарып келеді. 2025 жылдың қарашасында ол World Boxing ұйымының президенті болып сайланған. Ал 2026 жылғы 15 маусымда Халықаралық бокстың Даңқ залына енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу