freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

MALIMet
Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
Фото:Tengrinews

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев сот тағайындаған жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Алайда ол алты жыл бойы әкімшілік бақылауда болады, деп Malim.kz тілшісі, Tengrinews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, Ертаев жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған.

"Сонымен қатар заңнамаға сәйкес, оған қатысты алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау жүзеге асырылады. Әкімшілік қадағалау - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның мінез-құлқын ішкі істер органдарының заңда белгіленген тәртіппен бақылауы", — делінген хабарламада.

2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев қаражат жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл іс бойынша онымен бірге тағы 35 адам сотталған.

Сот бұрынғы банкирді Bank RBK-ға тиесілі 144 миллиард теңгені жымқырды деп таныған.

Кейін Ертаев басқа қылмыстық іс бойынша да сотталды. Бұл жолы іс Bank RBK, Qazaq Banki және Еуразиялық банктің кредиттік қаражатын жымқыруға қатысты болған. Сот Ертаевпен бірге тағы төрт адамға үкім шығарған.

Сот шешімі бойынша олар банктерге ірі көлемдегі қаражатты қайтаруға міндеттелді. Оның ішінде Bank RBK-ға шамамен 98 миллиард теңге, Qazaq Banki-ге 46 миллиард теңгеден астам, Еуразиялық банкке 24 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылуы тиіс болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу