Астанадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты қаза тапты. Қайғылы оқиға кезінде 55 жастағы ер адам мен 53 жастағы әйел көз жұмған, деп Malim.kz тілшісі, Bairaq Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық полицияның мәліметінше, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаған. Алдын ала дерек бойынша, ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзіне де зақым келтірген.
Оқиға 12 және 14 жастағы балаларының көз алдында болған.
Көршілерінің айтуынша, отбасы аталған үйде 2-3 жылдан бері тұрған. Олар ерлі-зайыптыны қарапайым әрі тыныш адамдар ретінде сипаттаған.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.