Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында анасын сөз етіп, көпшілікке әсерлі ойымен бөлісті. Әңгіме барысында өнер иесі көзіне жас алып, ата-ананы барында қадірлеуге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz
"Аналарыңыздың көзі тірісінде қадірін біліңіздерші. Кейін өте кеш болады. Өмірден өткеннен кейін қадірлеудің қажеті жоқ. Хабарласыңыз, жылы сөйлеңіз, барынша жақсылық жасаңыз. Ешқашан ата-аналарыңызға ауыр сөйлемеңіздер", – деді әнші.
Айгүл Иманбаева жұмысына байланысты көбіне сыртта жүретінін, сондықтан анасына жеткілікті көңіл бөле алмай қалатынын да жасырмады.
"Мен көбінесе сыртта жүремін, анама көп көңіл бөле алмай жатамын. Сол жүрегіме қатты батады. Менің келінім болса да, анам таңертең ерте тұрып, маған өз қолымен таңғы ас жасап береді. Тойып тұрсам да, жеуге тырысамын. Себебі қандай махаббатпен, шын ниетпен жасайды", – деді Айгүл Иманбаева.