freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бұл барша қазақ қызының жеңісі": Фариза сот шешімінен кейін жазба жариялады

Шоу-бизнес
"Бұл барша қазақ қызының жеңісі": Фариза сот шешімінен кейін жазба жариялады
Фото-коллаж: malim.kz/ ЖИ арқылы өңделген

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шыққаннан кейін жәбірленуші Фариза Сабырәлиева әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол осы кезеңнің өзі үшін ауыр болғанын айтып, сот шешімін әділдіктің орнауы деп бағалаған.

"Қазақтың қаршадай қызына, екі баланың анасына жазықсыз жала жауып, бүкіл халықтың алдында қорлаған кезде, сіздер халық болып, үлкен қолдау көрсеттіңіздер. Мен үшін өте ауыр жала болды. Себебі мен ата-анамның тәрбиесін көрген, әкемнің махаббатымен өскен, түзу жолда жұмысымды жасап, аяққа тұрып, балаларымды асырап жүрген қазақтың қарапайым қызымын", – деп жазды ол.

Фариза халықтың қолдауы өзіне үлкен күш бергенін атап өтті.

"Бірінші Алла, екінші сіздердің арқаларыңызда сот әділ шешім шығарып, менің намысымды қорғады. Бұл менің ғана емес, барша қазақ қызының жеңісі деп білемін. Мені қолдаған, уайымдаған, дұға еткен барша қазағыма алғысымды білдіремін", – деді ол.

Сондай-ақ Фариза істі басынан аяғына дейін жүргізген адвокатына алғыс білдірді. Оның сөзінше, қорғаушы алғашқы күннен-ақ бұл іске жарнама немесе хайп үшін араласпағанын айтқан.

"О баста айтып еді: “Маған ешқандай реклама, хайп қажет емес, бірақ қаракөз қарындасымызға жала жабылғанына жай қарай алмаймын” деп. Сөзінде тұрды. Нағыз өз ісінің маманы екенін тағы да дәлелдеді", – деп жазды Фариза.

Бұдан бөлек, ол Қарасай аудандық полиция басқармасы мен істі жүргізген тергеушілерге де ризашылығын білдіріп, әділдікті жақтап, істі соңына дейін жеткізген азаматтарға алғыс айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу