freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Степногорск колледжінің студенттері асханадағы тағамға шағымданды

Білім-ғылым
Степногорск колледжінің студенттері асханадағы тағамға шағымданды
Фото: Qumash.kz| ЖИ арқылы өңделген

Степногорск қаласындағы ВГИК колледжінің студенттері оқу орны асханасында ұсынылатын тағамдардың сапасына шағымданды, деп Malim.kz тілшісі, Qumash telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Студенттердің айтуынша, асханада тамақ кейде шамадан тыс пісірілсе, кей жағдайда керісінше толық піспеген күйінде беріледі. Олар сондай-ақ асханадан жағымсыз иіс шығатынын айтып, тазалық пен санитарлық талаптардың сақталуына күмән келтірген. Бұған қоса, студенттер арасында тамақтан кейін өзін жайсыз сезініп, уланған жағдайлар болғанын да жеткізді.

Ал колледж әкімшілігі тағамдардың белгіленген талаптарға сәйкес дайындалатынын мәлімдеді. Олардың сөзінше, асханада заманауи технологиялық жабдықтар қолданылады және бұған дейін тамақ сапасына қатысты ресми шағым түспеген.

Дегенмен оқу орны студенттер таратқан ақпаратты қайта тексеріп, асхана жұмысына бақылауды күшейтетінін хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу