freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Патшайым, сізге иілеміз": Баян Алагөзованың Макпал Жүнісоваға құрметі

Шоу-бизнес
"Патшайым, сізге иілеміз": Баян Алагөзованың Макпал Жүнісоваға құрметі
Фото-коллаж: Видеодан скриншот \ ЖИ арқылы өңделген

Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің студиясына Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың келгенін айтып, оған ерекше құрмет көрсетті, деп Malim.kz  хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Баян Алагөзова өнер иесін жылы қарсы алып, ақжарма тілегін жеткізген. Ол Мақпал Жүнісоваға қарап: "Бізге қонаққа кім келгенін қараңыз. Мақпал Жүнісованың өзі келді, патшайым. Патшайым, біз сізге иілеміз. Ешкімге иіліп сәлем бермейміз, бірақ сіздің алдыңызда иілеміз", – деген.

Сондай-ақ продюсер әншіні кабинетіне шақырып, шай ішуді ұсынған. Өз сөзінде ол Мақпал Жүнісованың студияға келіп, бір дубльмен ән жазып кететінін айтқан.

Желі қолданушылары бұл сәтті жылы қабылдап, екі өнер иесінің кездесуі көпшіліктің ықыласына бөленді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу