Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open – 2026 турниріндегі жеңісінен кейін әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады.
Әлемнің бірінші ракеткасы Instagram парақшасында кейінгі күндердегі маңызды сәттерден кадрлар бөлісіп, өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтты.
"Не деген апта, не деген ғажап жол! Осы жерде болғаныма және осы жолда маған қолдау көрсеткен жандармен осы қуанышты бөлісе алғаныма шексіз алғыс айтамын", – деп жазды Елена Рыбакина.
Жарияланған суреттер мен видеоларда теннисшінің марапаттау рәсіміндегі сәттері, сұхбаттары және US Open турниріндегі жеңісіне байланысты басқа да ерекше кадрлар көрсетілген.
Рыбакина жазбасында бұл жетістіктің өзі үшін айрықша мәнге ие болғанын аңғартып, жеңісті командасымен және жанкүйерлерімен бөліскеніне қуанышты екенін жеткізді.