Жерлесіміз Alex Lim «Новая волна — 2025» байқауында жеңіске жетті

Жерлесіміз Alex Lim халықаралық деңгейдегі беделді «Новая волна — 2025» музыкалық байқауында топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды.
Бұл туралы жаңалықты әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әділқазылар төрағасы Игорь Крутой байқау нәтижелерін қорытындылап, қазақстандық әншінің жеңіске жеткенін хабарлайды.
Alex Lim байқау барысында бірнеше стильде ән орындап, көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде ол жоғары ұпай жинап, байқаудың жеңімпазы атанды. Александр Лим 33 жаста, Алматы қаласында тұрады.
Айта кетейік, «Новая волна» — ТМД аумағындағы ең ірі әрі ықпалды музыкалық байқаулардың бірі, ол жас таланттарға халықаралық сахнаға жол ашады. Биылғы байқау Татарстан Республикасының астанасы — Қазан қаласында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас орындаушылар қатысты.
Бұдан бұрын Қазан қаласындағы халықаралық әншілер байқауына қазақстандық Даниал Жұмақановтың (Jummy) да қатысып жатқаны анықталды.
Фото: instagram.com/lim_0n

Ең көп оқылған
