Қытайдың Спорт басқармасын басқарған Гоу Чжунвэнь ірі көлемде пара алғаны және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін өлім жазасына үкім етілді. Алайда жаза екі жылға шартты түрде кейінге шегерілді. Бұл туралы CCTV телеарнасы хабарлады, деп жазады Malim.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, Чжунвэнь 2024 жылдың соңында Коммунистік партия қатарынан шығарылып, мемлекеттік қызметтен босатылған. Оған партиялық тәртіп пен заң талаптарын өрескел бұзды деген айып тағылған.
Сот анықтағандай, Гоу Чжунвэнь 2009 жылдан 2024 жылға дейін, яғни 15 жыл бойы бизнес өкілдеріне заңсыз қолдау көрсетіп, жобаларды ережелерді айналып өтіп бекіту арқылы шамамен 33 миллион АҚШ доллары көлемінде заңсыз табыс тапқан.
Сот оған ең жоғары жаза – өлім жазасын тағайындағанымен, екі жылдық кейінге шегеру қолданылды. Қытай заңнамасына сәйкес, бұл іс жүзінде өмір бойына бас бостандығынан айыруды білдіреді. Сонымен қатар, Чжунвэнь шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығынан толық айырылды, ал үкім қайта қаралмайды. Экс-шенеунік өз кінәсін толық мойындап, заңсыз алған қаражатты мемлекетке қайтарған. Бұл жайт жазаның шартты түрде кейінге шегерілуіне әсер еткен факторлардың бірі болды.
