freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

16 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылды

Қоғам
16 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылды
Depositphotos

Отбасы банк 16 537 қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылғанын мәлімдеді

2025 жылғы 24 мамырдан бастап Отбасы банкі ұлттық даму институтына айналды. Осы уақыттан бастап тұрғын үй кезегін орталықтандырылған түрде жүргізе бастады. 

Бұған дейін кезек есебін әкімдіктер жүргізген. Оларда кезекке тұрғандардың санаттары бойынша бірнеше бөлек тізімдер болған.

Отбасы банкі бұл әртүрлі тізімдерді "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" бірыңғай ақпараттық жүйесіне біріктірді. Бұл деректердегі қайталанулар мен қателіктерді жою, тұрғын үйдің бар-жоғын автоматты түрде тексеру, адами фактор мен қолмен басқаруды азайту сынды мүмкіндіктерге жол ашты.

Кезектің тізімі Отбасы банкіне берілгеннен кейін түгендеу жүргізу басталды. Бұл – кезекте тұрғандар туралы мәліметтерді тексеру және нақтылау рәсімі. Түгендеу барысында кезектегі адамның мәртебесі, отбасы құрамы, санаты, тұрғын үйінің бар-жоғы анықталады.

Қазіргі таңда 408 565 адам түгендеуден өтті, тағы 49 011 адамның мәліметтері қаралуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу