freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"38 жасымда шетелдік азаматқа тұрмысқа шықтым": Танымал журналист жеке өмірі туралы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"38 жасымда шетелдік азаматқа тұрмысқа шықтым": Танымал журналист жеке өмірі туралы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Есімі елге белгілі журналист Жанар Байсеміз өзінің жеке өмірі жайлы ел естімеген жайтты айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

"Мен әдейілеп шетелдік азаматқа тұрмысқа шығайын деп ойлаған жоқпын. Солай болды. Сол менің таңдауым болды. Әйтпесе мен де қазақтың жігітіне тұрмысқа шыққым келді"

"Жақындарыңыз, ата-анаңыз бұл шешіміңізді қалай қабылдады? Кім көбірек қарсы болды?" – деген журналистің сауалына Жанар Байсеміз:

"Ешкімнен ешқандай қарсылық болған жоқ. Мен ол кезде Атырауда тұрып жатқам. Анама хабарласып, "осылай да осылай" деп болып жатқан жайтты айттым. Анам басында "Қалай болады екен ол? Қазір әкеңе айтайын" деп абдырап қалды. Әкем бірден "жақсы" деп айтыпты. Батасын берді. Ешкім қарсы болған жоқ. Алыс туысқандарым бірдеңе айтпаса... Мен үйдің тұңғышымын. Мен әлдеқашан өзім жалғыз тұрып, өзіммен-өзім болып кеткен адаммын. 38-ге келгем. Бірақ ол кезде жас көрініппін. 38 жасымда тұрмысқа шықтым. Өз өмірімнің қожасы өзіммін, өзім білемін. Егер ата-анам "жоқ, қарсымыз" деп жатса, басқаша болар еді. Бірақ ол кісілер қарсы болмады, олар мен істесем де, қолдайды", – деп жауап берді.

Журналист кезекті бір сұхбатында жолдасының түбі италиялық, бірақ оның әулетінде молдаван, поляк және украин ұлтының өкілдері де бар екенін айтты. Күйеуі Одессада өскендіктен, үйде олар көбіне орысша сөйлеседі. Дегенмен ол қазақ тілін үйренуге уәде берген.

Жанардың сөзінше, ата-анасы қызының таңдаған жарына қарсы болмаған. Әкесі «ұлты маңызды емес, бастысы – жақсы адам болуы» керегін айтып, батасын берген.

Сондай-ақ журналист күйеуінің ислам дінін қабылдағанын да атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзі үшін үлкен қуаныш әрі таңғаларлық жағдай болған.

Ерлі-зайыптылар Атырау қаласында танысқан. Жанардың айтуынша, екеуі де әлемнің көптеген елін аралағанымен, тағдыр олардың жолын дәл осы қалада тоғыстырған.

Жанардың күйеуі қазақ дәстүрін құрметтеп, қалың мал беріп, барлық жөн-жоралғыларды орындаған. Ал енесі оны жылы қабылдап, екеуінің қарым-қатынасы жақсы қалыптасқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу