freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

4 мыңнан астам жұп 26.06.2026 күні некесін қиды

Қоғам
4 мыңнан астам жұп 26.06.2026 күні некесін қиды
Фото: ourgold.ru

Бүгін, 26 маусым 2026 жылы, Қазақстанда 4 мыңнан астам жұп некесін тіркеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерекше күнге сұраныстың жоғары болуына байланысты еліміздегі барлық АХАТ бөлімдері күшейтілген режимде жұмыс істеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, дәл осы күнге 4 мыңнан астам неке қию туралы өтініш түскен. Бұл көрсеткіш 2008 жылдың 8 тамызында (08.08.2008) тіркелген рекордтан екі есе жоғары.

Ең көп неке тіркелген қалалар:

Алматы – 830 жұп;

Астана – 740 жұп;

Шымкент – 141 жұп.

Айта кетейік, қазақстандықтар есте сақтауға оңай әрі ерекше күндерде отбасын құруды жиі таңдайды. 26.06.2026 күні де осындай символикалық даталардың бірі ретінде елдегі неке қию көрсеткішінің рекордтық деңгейге жетуіне себеп болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу