freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Әділет» партиясы агросаланы дамытуда отандық тәжірибеге басымдық беруді ұсынды

Қоғам
«Әділет» партиясы агросаланы дамытуда отандық тәжірибеге басымдық беруді ұсынды
Фото: Әділет партиясы

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін шетелдің тәжірибесін сол күйінде қайталаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

Себебі елімізде өз тиімділігін дәлелдеген модельдер аз емес. Бұл туралы «Әділет» партиясының кандидаты Геннадий Зенченко журналистермен кездесуде айтты.

Оның сөзінше, Қазақстанның агроөнеркәсіп саласы бірнеше даму кезеңінен өтіп, бүгінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар экономиканың негізгі бағытына айналып келеді.

«Бізде бәрі бар. Мәселен, Солтүстік Қазақстандағы сүт өндірісі моделі бүгінде көпшілікке жақсы таныс. Бұл тәжірибе Ресейде емес, Қазақстанда қалыптасты. Кейін ол еліміздің өзге өңірлеріне де үлгі болды», – деді Геннадий Зенченко.

Оның айтуынша, агросалада нәтижесін берген тәсілдерді әр өңірдің ерекшелігіне қарай енгізу қажет. Өйткені елдің барлық аймағына бірдей модель тиімді бола бермейді. Бір өңірде сүт шаруашылығы жетекші бағыт болса, енді бірінде өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу немесе шағын фермерлік қожалықтарды дамыту маңызды.

«Қазақстан – үлкен мемлекет. Сондықтан әр өңірдің ерекшелігін ескерген жөн. Бір аймаққа тиімді модель екінші өңірге сәйкес келмеуі мүмкін. Шағын бизнестің де дамуына жағдай жасау қажет», – деді кандидат.

Ол ірі инвестициялық жобалармен қатар шағын шаруашылықтарды қолдау қажет екенін айтты. Сонымен бірге ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген микронесие беруді жалғастыру керек. 

Кандидаттың айтуынша, бүгінде Қазақстан 13 миллион тоннадан астам астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттады. Бұл аграрлық саланың әлеуетін ғана емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мүмкіндігін де көрсетеді. 

Осыған байланысты «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында шикізат сатудан дайын өнім өндіруге көшу - негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Атап айтқанда, сүт пен етті өңдеу үлесін 70 пайызға дейін жеткізу көзделген.

Бағдарламада агроөнеркәсіп кешенін дамыту ауылдық аумақтарды кешенді жаңғыртумен қатар жүргізілетіні айтылған. Соған сәйкес, 2030 жылға дейін даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл сапалы жолмен, таза ауыз сумен, электр қуатымен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар Е-АӨК платформасының цифрлық сервистері енгізіліп, суару жүйелері жаңғыртылады. Ауылға баратын жас мамандарды қолдау шаралары күшейтіледі.

Геннадий Зенченко «Әділет» партиясына қосылу туралы шешіміне де тоқталды. Кандидат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын жеткізді.

«Президент жүргізіп отырған саясатты қолдау қажет», – деді Геннадий Зенченко.

Сондай-ақ ол партияның сайлауалды бағдарламасы ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген азаматтардың ұсыныстары мен тәжірибесі негізінде әзірленгенін айтты. Оның сөзінше, құжатты дайындау кезінде әр кәсіпорын мен әр ауылдың мүддесі ескерілген.

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу