Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Африкада Режеп Тайип Ердоған атындағы мешіт ашылды

Әлем
Африкада Режеп Тайип Ердоған атындағы мешіт ашылды

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бейнеконференция режимінде Гвинея астанасы Конакриде оның құрметіне аталған мешіттің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

 Түркия басшысы шараға Стамбұлдағы Долмабахче резиденциясынан қосылды.

Мешіттің іргетасы 2023 жылы қаланған. Ғимараттың жалпы аумағы 3,2 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда бір уақытта 2,1 мың адам намаз оқи алады.

Ол «мешіттер – бұл тек тас пен ерітіндіден тұрғызылған ғимараттар ғана емес, ақыл, сенім және ар-ождан арқылы салынған туындылар» екенін атап өтті.

Ердоған мешітті Түркия мен Гвинея халықтары арасындағы бауырластықтың символына айналады деп сенім білдірді.

Бүгін біз тек мешіт ашқан жоқпыз, жүректен жүрекке жалғасатын бауырластық көпірін орнаттық, – деді ол.

Президент мешіттің архитектурасы, ою-өрнегі мен көркем келбеті ерекше әсер қалдыратынын атап өтті.

Бұл туынды Осман мешіттерінің сәулеттік шешімдеріндегі біртұтас көлем мен портик әсерін қамти отырып, түрік-ислам дәстүрінің бай декоративті мотивтерін барынша үйлесімді түрде бейнелеуге бағытталған, – деді ол.

Түрік мемлекетінің басшысы мешіт құрылысының жобасын жүзеге асыруға үлес қосқандардың барлығына алғысын білдірді.

Фото: Анадолы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу