freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Саясат
Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден алынған

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Айдарбек Сапаров 1966 жылғы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы совхозда бухгалтер болып бастаған. Кейін коммерциялық құрылымдарда, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-да және Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық құрылымдарында қызмет атқарған.

2006–2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының, 2008–2010 жылдары Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болды. 2011–2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2019–2022 жылдары Қазақстанның Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2023 жылғы 4 қыркүйекте алғаш рет Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу