freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әйгілі балетмейстер Эдуард Мәлбеков 85 жасында қайтыс болды

Мәдениет
Әйгілі балетмейстер Эдуард Мәлбеков 85 жасында қайтыс болды
gov.kz

Қазақстандық балетмейстер, хореограф әрі педагог Эдуард Мәлбеков 19 тамыз күні 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Эдуард Мәлбеков 1941 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік хореографиялық училищесін тәмамдаған. 1960-1984 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі болды. Оның орындауындағы айтулы партиялардың қатарында «Спартактағы» Красс, «Аққулар көліндегі» Ротбарт, «Жарқұстағы» Кащей және «Щелкунчиктегі» Дроссельмейер бейнелері бар.

1986-1988 жылдары Мәлбеков Селезнев атындағы хореографиялық училищені басқарды. Кейін оқу орнына көркемдік жетекші әрі педагог ретінде қайта оралып, балет өнерінің бірнеше буын өкілін тәрбиелеп шығарды. 2026 жылғы ақпанда училищеде Эдуард Мәлбеков пен оның жұбайы, балет әртісі әрі педагог Тамара Мәлбековованың 85 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Эдуард Мәлбеков хореограф ретінде де бірқатар қойылымға атсалысты. Оның сахналаған «Половец билері» училище репертуарына енді.

«Үлкен шеберден айырылдық. Оның есімі Қазақстан балет өнері мен біздің училищенің тарихында мәңгі сақталады», – деп жазды оқу орны әлеуметтік желідегі парақшасында.

1973 жылы Эдуард Мәлбековке Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Ол «Құрмет белгісі» орденімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу