freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Айтуға ұядым": Роза Рымбаева Қонаев пен Назарбаев туралы ел естімеген естелігін айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Айтуға ұядым": Роза Рымбаева Қонаев пен Назарбаев туралы ел естімеген естелігін айтты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуге қатысты көпшілікке бұрын белгісіз естелігін айтты. Өнер иесінің сөзінше, бұл оқиғаға биыл тура 25 жыл толып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Роза Рымбаева жолдасынан айырылғаннан кейін сахнаға қайта оралып, шығармашылық қызметінің 25 жылдығына арналған есеп беру концертін өткізуді жоспарлағанын еске алды. Сол кешке Нұрсұлтан Назарбаевты арнайы өзі шақырған.

"Мен Димаш Ахметұлының да, Колбиннің де билік тұсында шығармашылық жолда жүрдім. Бірақ, ол кісілермен сөйлесіп, бетпе-бет тілдесіп көрген емеспін. Мені тек сахнадан көрді. Тыңдады. Алдарына өнерімді көрсеттім. Олар мені қабылдап, мойындады деп ойлаймын. Егер қабылдамаған болса, концерт бағдарламасында болмайтын едім ғой. 

…Сахнада жүргеніме 25 жылдығымның қарсаңында бір рет Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауында болдым. Осыдан 25 жыл бұрын… Мен ол кезде шақыртумен бардым. Мен сол кезде: "Аға, мен сізді шақырамын. 25 жылдық есеп беру кешімді өткізбекшімін. Келіп арнайы қонақ болыңыз", – дедім. Жолдасым Тасқынның қазасынан кейінгі бірінші концертім болуы керек. Мәдиімді дүниеге әкелген кезім. Ол мені қолдағысы келді деп ойлаймын. Кешіме келді. Кабинетте отырғанда "Роза, саған қандай көмек бере аламын?" деп сұрады. Бірақ, неге екенін бідмеймін, пәтермнің кішкентай екенін, 3 бөлмелі пәтерде 4 баламен, 3 музыкантпен бірге тұрып жатқанымды, музыкамен айналысуға дұрыс жағдайымның жасалмағанын айтуға ұялдым… Пәтер сұрамадым. "Аға, егер, менде проблема болса, тікелей әкімдікке айтамын" дедім. Солай. Ештеңе де сұрамадым. Қабылдағанына алғысымды білдірдім. Маған үлкен раушан гүл шоқтарын сыйлады. Қасында кішкентай кәдесыйы болды. Естелік болып, үйімде тұр. Кейін концертіме келді. Алдыңғы қатарда отырып, ән тыңдады", – деді Роза Рымбаева.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу