freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Александр Вучич жақын арада қызметінен кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Саясат
Александр Вучич жақын арада қызметінен кетуі мүмкін екенін мәлімдеді
Ашық дереккөзден

Сербия президенті Александр Вучич Қытайға жасаған сапары барысында жақын уақытта отставкаға кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл туралы ол N1 телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

«Мүмкін, мен жақын арада отставкаға кету туралы өтініш беремін», - деді Вучич. 

Сонымен қатар, президент бұрынғы мемлекет басшысы Борис Тадич сияқты өз өкілеттігін қысқартуды жоспарламайтынын атап өтті. Бұдан бөлек, Вучич биліктегі Сербияның прогрессивті партиясы партиясының 26–28 маусым аралығында өтетін жиналыстары туралы хабарлады. 

Саясаткердің айтуынша, жиындарға қатысушылар санынан гөрі, биліктің халыққа қандай үндеу мен хабар жеткізетіні маңыздырақ болады. Қазіргі уақытта Александр Вучич президенттік қызметтің екінші мерзімін атқаруда. Оның өкілеттік мерзімі 2027 жылдың көктемінде аяқталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу