АҚШ күнде заңсыз миграттарды елден шығарып отырмақ

Трамп тапсырмасына сай бұл жұмыс күшейтілмек

Мәди Саматұлы

  • 26.01.2025

АҚШ аумағына заңсыз кірген мигранттар күн сайын әскери ұшақтармен елден шығарылады. Бұл туралы Zakon.kz жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ-тың шекара қауіпсіздігі мен заңсыз мигранттарды депортациялау мәселесіне жауапты болып тағайындалған Томас Хоман ABC телеарнасына берген сұхбатында осылай деген. Оны Америка Құрама Штаттарының жаңа президенті Дональд Трамп осы қызметке бекіткен еді.

Жүргізушінің «Америкалық әскерилер заңсыз мигранттарды күн сайын елден депортациялай ма?» деген сұрағына Хоман оң жауап берді. Ол мұндай рейстер мигранттарды елден шығару бойынша кең көлемді жоспардың бір бөлігі ғана екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ол заңсыз мигранттарға мәселені шешудің басқа жолын – елден өз еркімен кетуді ұсынды.

Егер сіз елде заңсыз болсаңыз, біз сізбен айналысамыз, себебі бұл елдің заңдарын бұзуға болмайды. Сіз бұл елдің шекарасын заңсыз кесіп өткенде, заң бұзғаныңызды түсінуіңіз керек. Сондықтан, егер сіз елде заңсыз жүрсеңіз, онда сізде қиындықтар болады. Мен осындай адамдардың барлығының кететініне үміттімін, деді ол.

Фото: Видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

23.05.2025

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

22.05.2025

Трамп ОАР президентін ақ нәсілділерді қудалады деп айыптады 

22.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025
MalimBlocks