TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді

Қытайлық әлеуметтік желі иелері заң сөз бостандығына кепілдік беретін АҚШ конституциясының бірінші түзетуді бұзатынын айтады. Бұл туралы «Америка даусы» хабарлады.

Malim Админ

  • 09.05.2024

Президент Джо Байден қол қойған заң бойынша, АҚШ аумағындағы TikTok 8 ай ішінде сатылуы тиіс. Олай етпеген жағдайда әлеуметтік желіге Америкада тыйым салынады.

Ал TikTok пен ByteDance компаниясы өздеріне тиесілі активтерді сату коммерциялық, технологиялық немесе заңды түрде мүмкін емесін мәлімдейді.

Олар жаңа заң 2025-жылдың 19-қаңтарына дейін TikTok-ты шектейтінін, соның салдарынан әлеуметтік желіні қолданатаны 170 миллион АҚШ азаматын үнсіз қалдыруға мәжбүрлейтінін алға тартады.

Егер компания АҚШ үкіметі қойған шартты орындамаса, онда Apple мен Google тұтынушыларына TikTok қолданбасын ұсына алмайды.

Аталған заң АҚШ Конгресі TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін еенін айтқаннан кейін қабылданған. Конгресс Қытай америкалықтар туралы деректерді TikTok арқылы жинайды деген күдік барын хабарлаған еді.

Сотқа жолданған шағымда TikTok-ты мәжбүрлеп сатуға «түбегейлі қарсы» және қолданбаның ең құнды бөлігі саналатын

ByteDance компаниясы актвитітерді мәжбүрлі түрде сатуға қарсы екенін әрі

TikTok алгоритмін экспорттауға рұқсат бермейтінін айтқан.

Фото: ВВС