freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлемдік саясаттың жаңа ережесі. Франциясыз Африка нығайып келеді

Саясат
Әлемдік саясаттың жаңа ережесі. Франциясыз Африка нығайып келеді
Ашық дереккөзден

Франция соңғы жылдары Батыс Африкадағы дәстүрлі ықпалынан біртіндеп айырылып келеді, деп хабарлады Malim.kz. 

Бұлай деуге себеп жеткілікті. Мали, Буркина-Фасо және Нигердегі әскери төңкерістерден кейін француз әскері бұл елдерден шығарылды. Енді ресми Париж Африкамен қарым-қатынастың жаңа моделін қалыптастыруға күш салып отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл – Францияның отарлық кезеңнен кейінгі ең үлкен сыртқы саяси өзгерістерінің бірі.

Осы мақсатта Франция дипломатиялық назарын Шығыс Африкаға аударып, Кенияда өткен Африка-Франция саммитінде инвестиция, білім беру, цифрлық технологиялар және жасыл энергетика мәселелеріне басымдық берді. Француз билігі ендігі жерде әскери ықпалдан гөрі экономикалық және технологиялық серіктестікке сүйенетін саясатты ұстанатынын мәлімдеп отыр.

World Politics Review басылымының жазуынша, Африка елдерінің бүгінде таңдау мүмкіндігі әлдеқайда кеңейді. Құрлық мемлекеттері Қытай, Түркия, Парсы шығанағы елдері және Үндістанмен белсенді ынтымақтасып келеді. Соның салдарынан бұрынғы ықпал иелері жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр.
Сарапшылар бұл өзгерістер Африкадағы геосаяси бәсекені күшейтіп, инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын айтады. Сонымен бірге халықаралық ойыншылар арасындағы ықпал үшін күрес те жаңа кезеңге аяқ басты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу