Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылықтар бүгін қала күнін атап өтіп жатыр

Мәдениет
Алматылықтар бүгін қала күнін атап өтіп жатыр

Қыркүйектің үшінші жексенбісі Алматыда Қала күні мерекеленеді. Биыл мерекеге орай балаларға да, ересектерге де қызықты болатын 150-ден астам әртүрлі форматтағы іс-шара жоспарланған. Бүгінгі шаралар «Алма Fest» мерекелік фестивалінен басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сондай-ақ, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» отбасылық фестивалі, қуыршақтардың мерекелік шеруі мен «Қуыршақ жасау» шеберлік сағаттары және басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, олардың басым дені халыққа тегін ұйымдастырылады. Тек театрларда, Шапито циркінде немесе жабық ғимараттарда өтетін қойылымдарға билет алу қажет.

Шаралардың толық тізімімен мына сілтемеде танысуға болады. 

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу