freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ әлем елдеріне виза беруді уақытша тоқтатты

Саясат
АҚШ әлем елдеріне виза беруді уақытша тоқтатты
kz.usembassy.gov

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі әлемнің барлық елінде визалық сұхбаттарға жазылуды уақытша тоқтатты. Шешім АҚШ-тың шетелдегі елшіліктері мен консулдықтарына қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл өзгерісті консулдық қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасының басталуымен түсіндірді. Оқу барысында визалық сұхбаттардың кестесі уақытша қайта қаралады.

Бағдарламаның қанша уақытқа созылатыны және визалық сұхбаттарға жазылу қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз.

Financial Times мәліметінше, иммиграциялық виза бойынша сұхбаты алдын ала белгіленген кейбір өтініш берушілерге кездесудің кейінге шегерілетіні туралы хабарлама келген. Жаңа күндері кейінірек хабарлануы тиіс.

Оқу бағдарламасы өтініш берушілердің қаржылық жағдайын бағалауға да бағытталған. Консулдық қызметкерлер адамның АҚШ-қа қоныс аударғаннан кейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға тәуелді болу ықтималдығын мұқият тексеруі керек.

Мемлекеттік департамент визалық өтініштерді қарау кезінде тексеру рәсімдерін барлық елде біріздендіріп, бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр.

Бұл шара Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатын қатаңдату бағытындағы қадамдарының бірі ретінде қабылданып отыр. АҚШ билігі депортация шараларын күшейтіп, визалар мен грин-карталарға қатысты тексерулерді арттырып келеді.

Бұған дейін АҚШ-тағы федералдық сот Қазақстан азаматтары мен тағы 74 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді шектеуге қатысты шараны заңсыз деп таныған.

Тиісті шешімді 21 тамызда Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша федералдық судья Жанетт Варгас шығарды.

Соттың пікірінше, енгізілген шектеулер АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың заңда белгіленген өкілеттіктерінен асып кеткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу