Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ құрамасы Қазақ еліне рахмет айтып, әсерлі видео жариялады

Мәдениет
АҚШ құрамасы Қазақ еліне рахмет айтып, әсерлі видео жариялады

5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар мен көкбөрі ойнаған АҚШ құрамасы қазақ еліне алғысын білдіріп, әсерлі видео жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында ковбойлардың Астана маңындағы «Қазақ үйі» шаруа қожалығында №96 мектеп-гимназиясының инклюзивті білім алатын оқушыларымен кездескені айтылады.

Ковбойлар лассо шеберлігінен өнер көрсетіп, атқа міну дағдыларымен бөлісіп, балаларға керемет көңіл-күй сыйлады. Шара барысында Мадина Қуандық жүннен жасалған өнімдерді таныстырып, шеберлік сағатын өткізіп, қазақ өнерін қонақтарға түсіндірді. Мұндай мәдениет алмасу мүмкіндігін ұсынған қожалық иесіне шексіз алғысымызды білдіреміз, деп жазды Елшілік.

Сондай-ақ, қазақ елінің қонақжайлығы мен достығы үшін рахмет айтып, видео жариялаған.

Фото: instagram/usinkz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу