АҚШ Конгресінің Сенаты жүздеген мың федералды қызметкерге уақытша жалақы төлеуді көздейтін заң жобасын қабылдамай тастады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Қарсы тарап бұл құжат президент Дональд Трампқа шамадан тыс өкілеттік береді деп есептейді.
7 қараша, жұма күні өткен дауыс беру кезінде республикалықтар басым Сенатта заң жобасы 53 дауыс жинағанымен, қабылдануы үшін қажет 60 дауысты еңсере алмады. Көптеген демократтар бастаманы қолдамаған, бірақ Демократиялық партияның үш сенаторы құжатты қолдап дауыс берген.
Заң жобасына қарсы шыққандардың айтуынша, ол республикашыл президент Дональд Трампқа қай санаттағы мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеу керектігін өз бетінше шешуге тым үлкен еркіндік береді.
АҚШ-тағы бюджет дағдарысы 1 қазаннан бері жалғасып келеді және ел тарихындағы ең ұзақ мерзімді үкіметтік тоқырауға айналды.