Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Украинаға киберқауіпсіздік саласындағы көмегін қысқартты

Әлем
АҚШ Украинаға киберқауіпсіздік саласындағы көмегін қысқартты

Bloomberg агенттігінің ақпаратына сәйкес, АҚШ билігі USAID (АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі) арқылы қаржыландырылған киберқауіпсіздік жобаларына бөлінетін қаражатты қысқартуға байланысты Украина мен АҚШ-тың ондаған мамандарымен жасалған келісімшарттар мүлдем не уақытқа тоқтатылған.

Сонымен қатар, Украинаның инфрақұрылымын кибершабуылдардан қорғауға арналған компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу де жүзеге аспаған.

Агенттік дереккөздерінің айтуынша, АҚШ Украинаға киберқауіпсіздік саласындағы ең ірі қолдау көрсетуші мемлекет болған. Соңғы 5 жыл ішінде USAID бұл салаға 200 млн доллардан астам қаражат бөлген. Бұған қоса, көмекті АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен Киберқолбасшылық та ұсынған.

2025 жылдың ақпанында Дональд Трамп әкімшілігі USAID келісімшарттарының 90%-ын жою ниеті бар екенін хабарлаған болатын. Бұл шешім нәтижесінде АҚШ-тың әлем бойынша көмегі 60 млрд долларға қысқарады. Ал наурыз айында Мемлекеттік хатшы Марко Рубио агенттіктің 83% бағдарламасы жабылатынын мәлімдеді.

Фото: Alexandre Marchi/dpa/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу