freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана: Бала қауіпсіздігі - басты құндылық

Қоғам
Астана: Бала қауіпсіздігі - басты құндылық
Ашық дереккөзден

Астана қаласының балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» атты әлеуметтік бастама іске қосылды, деп хабарлайды  Malim.kz.

Елорда әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл челлендж балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға, бүлдіршіндер арасында қауіпсіздік мәдениетін орнықтыруға және ата-аналардың жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталған.

Балабақшаларда тәрбиешілер балалармен арнайы қауіпсіздік сабақтары өткізді. Оларда үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақтау қажет ережелер түсіндірілді. Ашық терезенің қауіптілігі, терезе маңында ойнамау керектігі сияқты мәселелер балалардың жас ерекшелігіне лайық ойындар мен танымдық іс-шаралар арқылы жеткізілді. Челленджтің ерекше тұсы — бүлдіршіндердің ата-аналарына тікелей үндеу жасауы: «Әке, ана, терезені жапшы» және «Менің қауіпсіздігім — сіздердің қолдарыңызда» деген сөздер арқылы балалар ересектерді осы мәселеге назар аударуға шақырды.

Қалалық Білім басқармасы барлық ата-аналарға бірқатар нақты талап қойды: балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнату, жиһазды терезе алдына қоймау және қауіпсіздік нормаларын мүлтіксіз сақтау. Мамандардың атап өткеніндей, баланың өмірі мен амандығы ең алдымен ересектердің жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу