Полиция мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған Астана қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Асель Досаеваны әзірге қамауға ала алмай отыр, деп хабарлайды Malim.kz.
«Оны (Досаеваны) әзірге қамауға алу мүмкін емес. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алу шарасын қолдану үшін бірқатар бюрократиялық рәсімдерден өту қажет – бұл оның судья мәртебесіне байланысты», – деді дереккөз.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі Досаеваның әлі қамауға алынбағанын растады.
Еске сала кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, алғаш рет мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.
.