Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада танымал блогер қамауға алынды

Қоғам
Астанада танымал блогер қамауға алынды

Блогер әрі көңіл көтеру орнының арт-директоры жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды.

33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция ескертеді: қаралым мен “лайк” үшін заңды бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылады.

Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу