freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанадан Дубайға ұшқан ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін кері қайтты

Оқиға
Астанадан Дубайға ұшқан ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін кері қайтты
Фото: gov.kz

Астана – Дубай бағытындағы Air Astana әуе компаниясының KC205 рейсі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты ұшып шыққаннан кейін елорда әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, KC205 рейсі бүгін сағат 07:10-да Астанадан Дубайға бағыт алып ұшқан. Алайда әуеге көтерілгеннен кейін рейсті кері қайтару туралы шешім қабылданған.

Air Astana Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

Компания жолаушыларға сатып алынған билеттердің толық құны билет рәсімделген жер бойынша қайтарылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ жолаушыларға рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми ақпарат көздері арқылы алдын ала тексеріп отыру ұсынылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу