Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атбасарда су тасқынымен тәулік бойы күресіп жатыр

Қоғам
Атбасарда су тасқынымен тәулік бойы күресіп жатыр

ТЖД мәліметінше, Жамбыл облысының құтқарушылары Ақмола облысының Атбасар қаласында тәулік бойы еріген суды бұру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Самарқа ауылында 45 жергілікті тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз орындарға көшірілген. Сондай-ақ ауылдың орта мектебін қорғау үшін 1500 данадан астам қапшық төсеу жұмыстары жүргізілген.

Бұған дейін министрлік Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының маңындағы саяжай алаптарынан жергілікті тұрғындар мен үй жануарларын тәулік бойы қауіпсіз орындарға эвакуациялайтынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында да тәулік бойы су басу аймақтарынан азаматтарды эвакуациялау жүріп жатыр.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу