freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әуежайларда «бомба» туралы әзіл айтқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Қоғам
Әуежайларда «бомба» туралы әзіл айтқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Фото: видеодан кадр

Қазақстанның халықаралық әуежайларында жолаушыларға «бомба» туралы әзіл айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені ескертіле бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас көлік прокуратурасының бастамасымен халықаралық әуежайлардың отырғызу талондарының сыртқы жағына терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ақпарат орналастырылды.

Енді жолаушылар бомба туралы ойланбай айтылған «әзілдің» өзі құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін біледі. Сонымен қатар жадынамада әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттар да көрсетілген. Олардың қатарында кастеттер, атыс қаруы, оқ-дәрілер және басқа да қауіпті заттар бар.

Бұл тәжірибе Астана, Алматы, Түркістан және Қарағанды әуежайларында енгізілді. Алдағы уақытта мұндай ескертулерді еліміздің басқа да әуежайларында орналастыру жоспарланып отыр.

Құзырлы орган мұндай шаралар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әуежайлардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу