Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауылдарда мұғалім саны азайып кеткен

Аналитика
Ауылдарда мұғалім саны азайып кеткен

Ауылдарда білім саласындағы қызметкерлер саны ауылда азайып, қалада керісінше артып жатыр.

Ranking.kz жариялаған дерекке сәйкес, 2021 жылы білім саласында 1,12 млн адам жұмыс істейтіні белгілі болған. Бұл былтырға қарағанда 1%-ға көп.

Аймақтар бойынша білім саласындағы қызмет ететіндер Түркістан, Алматы облысы мен Алматы қаласында көп. Қалада білім саласындағы қызметкерлер саны 2,5%-ға өссе, ауылда 0,6%-ға қысқарған.

Ал 2021 жылдың І тоқсанында орташа жалақы 219,2мың теңге болған. Бұл былтырға қарағанда 24,2%-ға көп.

Ең жоғары жалақы Астанада тіркелген - 344,5 мың теңге. Ең аз жалақы алатын өңір  Батыс Қазақстан облысы — 181,7 мың теңге.

Ranking.kz мәліметінше, мұғалімдер тапшылығын жоюға республикалық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда Атырау, Алматы, Маңғыстау мен Түркістан облыстарында педагогтар жетіспейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу