Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты

Қоғам
Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Судья Айжан Құлбаева үкімді оқығаннан кейін тараптардан үкімге қатысты айтарлары бар ма екенін сұрады. 24 жылға сотталып отырған Қуандық Бишімбаев, зардап шеккен Айтбек Амангелді және мемлекеттік айыптаушылар үкімге қатысты өтініштері жоқ екенін айтты. Ал Бақытжан Байжанов наразылық танытты.

Мені не үшін 4 жылға соттадыңыздар? Кінәсіз адамды неге соттадыңыздар? - деді ол. 

Судья Айжан Құлбаева оған сот үкімі қолына тиген соң 15 тәулік ішінде үкімді аппеляцияға бере алатынын айтып, сот отырысын жабық деп жариялады.

Фото: Жоғарғы сот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу